Спорт әлем бойынша жастар өз қуатын көрсетіп жаттығатын жағымды құбылыс және кез келген ауданда бүкіл жанұяға демалып қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік беретіндіктен бағаланады. Білім беру саласында, спорт түрлері және сабққа қосымша шаралар оқу жағдайын, үйрену үрдісі мен оқушылардың көрсеткіштерін жақсартатыны дәлелденген. Спорт жастарға батылдық береді, құндылықтарды үйретеді және күштерін жұмсайтын орын бергендіктен қылмыстық санын төмендетеді. Қоғамдық демалыс спорт лигалары қоғамды күшті және тұратын жерлерін ұнамды қылады. Соңғысы, түрлі спорттарға кең негіз салу, болашақтағы кәсіби және ұлттық топтарға ойыншылар, бапкерлер, жанкүйерлер мен демеушілер қорын шығарады.

Спорт қоғамның өміріне маңызды және үздік үлес қосу болғанымен, бұл тағы ұлтымыздың болашағы — жастарға маңызды және үздік сыныптың рөлін атқарады. Спорт жастардың өмірін көрсетеді. Спорт — жастарға, өмірлерінің осы кезеңінде өздеріне қызықтыны дамытуға мүмкіндік алатын алаң. Спорт — жастарға өз дарындары мен мінезін әлемге көрсетуге мүмкіншілік беретін сахна. Спорт осы балаларға ауыр еңбек етудің, бағышталудың, топтық жұмыс, жеке ұстамдылық пен ережелерді ұстанудың негізгі қасиеттері мен құндылықтарын үйренуге мүмкіншілік береді. Осы қасиеттер жеке тұлғаның табысты болуына маңызды, бірақ бұл бүкіл жанұя, қоғам мен елдің жетістігі үшін де маңызды. Спорт жастарға өздеріне сенімді болуға мүмкіншілік береді, сол арқылы олар алдындағы өмірлерінде одан да үлкен белестерден өте алады. Қысқаша айтқанда, спорт — жастар мен бүкіл ұлттың мінезін құру және қалыптастыру үшін керемет құрал.

Ұлттың болашағы оның жас адамдарында. Бүгінгі жас спортшылар ертеңгі кәсіби спортшылар, бапкерлер, мұғалімдер, мамандар, кәсіпкерлер, сондай-ақ үкімет басшылары болып табылады. Олар әлі жас және дамып келе жатқан кездерінде бізді қажет етеді, және сол қысқаша мүмкіншілікті пайдаланып, олардың өмірлеріне уақытымызды және барымызды салуымыз қажет. Қазіргі біз оларға көңіл бөліп, олармен уақыт өткізуге мүмкіншілігіміз бар, бұл тіпті біздің жауапкершілігіміз. Өз уақытымыз бен барымызды оларға қию арқылы оларға өзін аямай, өзгелерге құрбандық беру мен өзгелерге бағышталудың құндылықтарын өз үлгімізбен көрсетіп жетелеу біздің міндетіміз. Мұндай мүмкіндіктер салауатты күш жұмсау орны ретінде ақырында әрі жастарға, әрі бүкіл қоғамға да пайдалы болады. Басқа жағымсыз жол сандалу, торығу, қылмыс жасау, есірткі мен ішімдік болуы мүмкін.

Білім жастардың және бүкіл Қазақстан елінің табысқа жету кілті. Бүгінгі Қазақстан студенттері ертеңгі халықаралық нарықта жаңа технологияларды, тауарлар мен қызметтерді ұсынатын әлем көшбасшылары болуға әлеуеті бар. Алайда мұндай тапсырмаға тек еңбеккорлықтың, өзін-өзі бағыштаудың, және жоғары сапалы академикалық дайындықтың арқасында қол жеткізуге болады.

Зерттеулер көрсетуі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар, мысалы мектептер немесе университеттер арасындағы спорт бағдарламалары білім беру үдерісіне өте пайдалы екенін көрсетеді. Олар студенттердің күштерін жұмсауға керемет мүмкіншілік және оқу барысында көп ынта тудырады. Осының нәтижесінде жастар үшін білім алу, қоғамдық және моральдық дамуға тамаша орта құрылады. Спорт білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі.