Теңгенің тұрақсыздығы сөзылып кеткендіктен көптеген Қазақстан азаматтары белгісіздік сезімімен өмір сүріп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін, құнсызданудың (девальвацияның) себептерін талдауда біз ашық болуымыз керек. Бұл құнсыздану негізінен, экономиканың мұнай өнеркәсібінен түскен табысқа тым тәуелді болуына байланысты. Басқа халықаралық валюталардың көпшілігі, өткен жылы мұнайдың бағасы кенет төмендеген кезде, өз құнын ұстап тұрса, Қазақстан теңгесінің құны жартылай түсті, шамамен мұнайдың бағасының төмендеу пайызына тең.

Бұл — Қазақстан өз экономикасын, адамдардың шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуы арқылы әртарапты ету керектігі туралы маңызды ескерту. Қазақстан жоғары сапалы өнімдерді, тауарларды өндіріп, қызметтерді ұсынып, оларды ғалам нарығында тиімді сату керек. Экономиканы әртарапты ету арқылы өндірістің көп қырлы портфолиосын қамту, теңгенің құнына көбірек тұрақты негіз береді және циклдық экономикалық дағдарыс кездерінде қажетті қауіпсіздік маржасын (шегін) қамтамасыз етеді.

Алайда, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жәрдесу үшін, демократиялық идеалдарға бағышталу және қатардағы азаматтардың құқықтары мен мшігін қорғау қажет. Басқарушылар, адамдарға қызметші ролін атқарып, оларға кәсіпкерлікті құруға өкілеттілікті беруші.

Мұндай міндеттемеге адамдардың құқықтары мен мүлкін қорғаудағы үкіметтің ролі және қоғамның әрбір деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою кіреді. Шындығында Қазақстанның экономикалық әлеуеті оның мұнайында емес, бірақ халқында, өйткені халық, елдің табиғи мол байлығының арқасында, нарықта өтетін өнімдерді, тауарларды және қызметтерді жасай алады. Мұның бәрі мүмкін болу үшін, адамдар өздерін еркін сезініп, ал олардың құқықтары мен меншіктері сақтықта болу керек.

Батыстың демократиялық қағидаларының түбірі – әрбір жеке адамның қадірін және бағасын майындау, сондықтан сол адамдардың құқықтары мен меншіктерін қорғау, соның арқасында экономикалық дамуға басты жағдай жасалды. Ондай мойындау яһуди-мәсіхшілік (иудо-христиан) дүниетаным ықпалының тікелей нәтижесі.

Барлық адамдар Құдайдың бейнесіне ұқсас жаралған – деген Киелкітаптық пайымдау, Батыста жеке адамның қадірін мен бағасын түсінуге және мойындауға әсерін тигізді. Сол идея мәдениетке сіңіп, ел басқару қағидаларына ықпал етті, үкімет өз ролін әрбір адамның, нәсіліне немесе дініне қарамастан, Құдай берген құқықтарын қорғау деп біледі.

Біз бұл шындықтар, өз-өздерін айқындайтын шындықтар деп есептейміз, яғни барлық адамдар тең жаралған, Жаратушы оларға белгілі бір ажырамас құқықтар үлестірген, соның ішінде өмірге, бостандыққа, бақытқа ұмтылу құқықтары. ”

Томас Жефферсон Амерка құрама штаттарының Тәуелсіздік Декларациясында Киелікітаптық дүниетанымның идеологиялық пайымдауларын шеберлікпен жазып жеткізді. Бұл пайымдау, теңдік және адамның Құдай берген қадірі мен құқықтары туралы американдық нанымның моральдық бедел және идеологиялық негіз қызметін атқарды, сол себептен үкімет олардың құқықтарын қорғауға тиіс.

Өкінішке орай, Батыста осыдүниелік алдамшы құндылықтар өсуде, Батыс өзін әлем сахнасында өркендеуге және беделділікке жеткізген құндылықтардың маңызын кемітуге ұмтылады. Осы негіз қалаушы идеяларсыз Батыстағы үйреншікті әлеуметтік тұрақтылық және экономикалық гүлену ұзаққа созылмайды. Осындай басқарушы құндылықтарсыз, Батыс өзін-өзі моральды релятивизмге түсіріп, төменге қарай құлдырай береді, бір темір жұдырықты үстем мемлекет қоғамда тәртіп орнату үшін араласпағанша.

Алтын ереже: “Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!” деген еш өшпес сөздерін, Исан өзінің белгілі Таудағы уағызында айтқан. Бұл түбегейлі ұғым – парыз игіліктері мен жеке жауапкершілік ұғымының ірге тасы. Ол адамды, «әркім өзі үшін» деген қағида емес, басқаларға қатытсты дұрыс әркет жасауға жетелейді.Тек осындай, өзімшіл емес парыз, өз-өзін басқаруға және еркіндікке мүмкіндік береді.

Лорд Әктон былай деген: “Егер адамдарды парызбен ұстамаса, онда тек қорқынышпен ұстау керек. Олрады қорқынышпен неғұрлым көп ұстаса, олардың бостандығы да соғұрлым аз болады. Парыздың күші неғұрлым көп болса, бостандық та соғұрлым көп болады.” Парыз – өзімшіл емес игі іс, оның моральдық беделі — жоғары идеалдарды ұстану. Дәл осындай сенім жүйесін Яһуди-мәсіхшілік дүниетаным ұстанады.

Американың негізін салушы аталардың бірі Патрик Генри была деп дұрыс айтқан : “Адамдарды жақсы мәсіхші ететін қандай да болсын нәрсе, оларды жақсы азамат етеді. Әрбі халық, әрбір мәдениет мынадай таңдау жасау керек: Еркіндікке және экономикалық өркендеуге жетелейтін моральды және діни негіз, не болмаса ешқашан тұрақты экономикалық дамуға апармайтын тоталитарлы басқару. Тоталитаризм мен экономикалық даму бір-бірімен мүлде үйлеспейді.

Қазақстан шешім қабылдау керек. Ол тарихтан сабақ алып, ақылмен таңдау жасаукерек. Қазақстан – керемет әлеуеті (потенциалы) бар халық. Бір жетіспейтін нәрсеге ақырында осы идеологиялық сұрақтан жауап табылды. Президент Назарбаев наурыз айында Нұр отан партиясының атындан сөйлеген сөзінде, дүние жүзіндегі экономикасы ең үздік елдер, протестант мәсіхшілері ықпалын тигізген елдер, деп дұрыс айтты. Киелікітаптық дүниетанымның идеялары әділеттілік пен әділдікке моральды ірге тас болып қолайлы жағдай туғызды, онсыз экономикалық даму бұғауланады.

Әйтсе де, Астанадағы бағушы Ықлас Қабдуақасов осы тақырып жайлы тәлім бергені үшін бостандығынан айрылып, үкімделді. Шындығында, бағушы Қабдуақасов Қазақстанның қаһарманы, өйткені оның айтып жүрген тәлмін халық естуі зәру қажет. Бұл тәлім, Құдай бейнесіне ұқсас жаралған адамдарға, Құдай берген әлеуетті толық іске асыру үшін, моральды нұсқау береді.

Бағушы Қабдуақасовтан кешірім сұрап, оны кідірмей босату керек, онымен қоса басқа бағушыларға да бостандық беріп, өз жұмыстарын жалғастыруға, яғни халыққа адамгершілік және рухани тәлім беруге жіберу керек. Осы маңызды тізбек жетіспейді, сол нәрсе Қазақстан экономикасының әлеуеті іске асуына септігін тигізеді және Қазақстан ұлт ретінде Құдайдың берген әлеуетіне толықтай жете алады! Құдай Қазақстанды жарылқасын!