Төменде келтірілген мәтін «Қазақстан өте маңызды шешім қабылдау кезі келді» мақаласынан үзінді. Сенім бостандығы өте маңызды, өйткені ол демократия мен азаматтардың еркіндігі ахуалының барометрі рөлін атқарады. Сенім бостандығын жақтауға қосымша, бизнестер — сенімнің бостандығын өз мақсатының маңызды бөлігі қылу арқылы қатыса алады.

Жақында өткізілген зерттеулер, сенім бостандығы саяси тұрақтылық пен соған сай экономикалық өркендеудің маңызды бөлігі екенін дәлелдеді. Өздерінің «Еркіндіктен айырылудың құны» атты кітабында, зерттеушілер Брайан Грим мен Роджер Финк былай деген: «Сенім бостандығы — басқа салалардағы еркіндік пен азаматтық бостандыққа тығыз байланысты бола тұрып, оған қоса қарулы қақтығыс пен кедейліктің аз болуы, жоғары табыс пен әйелдердің жақсы өмір деңгейі сияқты, бүкіл дүние жүзінде бағаланатын, жетістіктерге алып келетін маңызды фактор болып табылады».

Джорджтаун университетінде 2010 жылы өткен «Сенім бостандығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты» құрылтайында, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы өкілі Уилл Имбоден, мемлекеттің сенім бостандығының қаншалықты болса да ыдырауы, басқа салалардағы еркіндік пен азаматтық құқықтардың ыдырауының сөзсіз белгісін көрсететінін айтып берді. Сенім бостандығына бағышталмаған мемлекеттер, төзімсіз және мәжбүрлейтін болады, шындықтың қайнар көзіне монополия жариялап, өзгелерді соған сендіруге тырысады. Сенім бостандығысыз, демократия азап шегеді, экономикалық тоқырау болатыны сөзсіз.

Сенім, сөз, баспасөз, жиналу мен дауыс беру бостандығы арқылы көрінетін бостандық және адам құқықтары — адамдардың өз елі, өз қолдарында деген сезімді береді. Осы иелік сезімі, қоғамдық және азаматтық жауапкершілік түсінігін тудырады және ол жеке азаматтарды ұлы ел болуына түрткі болады. Демократия ахуалында бизнес пен еркін нарық өркендейді.