Қоғамдық саябақтар және демалу орындары

Саябақтар қоғамдық демалыс орны болып табылады. Алматы қаласының әкімшілігі, қоғамдық саябақтар мен ол жердегі қоғамдық шараларды дамытуға жауапты болатын Қоғамдық саябақтар мен демалыс орындарын бөлімін қалыптастыруы қажет. Ол саябақтарда әр түрлі концерттер, фестивальдар мен көрмелерді өткізуге қолдануға болады. Сондай-ақ, «Қоғамдық саябақтар мен демалыс орындары» бөлімі ересектер мен балаларға арналған қоғамдық спорт лигаларын ұйыдастыра алады. Қатысу үшін аз мөлшерде жарна жинауға болады, онымен төрешілер мен басқа да әкімшілік шығындарын төлеуге болады.

Саябақтарда жиналған қоқыс қалдықтарын күнделікті шығарып, тазалық сақтау қызмет көрсетушісі болуы керек. Саябақта балаларымен келіп демалуға қолайлы жағдай қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары болуы керек. Саябақтар барлық қалаушылар үшін ашық және тегін болуы керек. Мүмкін, хауыз үшін шағын кіру жарнасы, тиісті техникалық қызмет көрсету үшін көмек болар еді.

Жақсы «Қоғамдық саябақтар мен демалыс орындары» бөлімі, қала үшін құнсыз құрал болып табылады. Балаларға арналған жақсы саябақтар мен қоғамдық бағдарламары бар қауымдастықтар күштірек және бақыттырақ. Бұл өмір сүру деңгейіне қанағаттануға алып келеді, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар азайтады, сондай-ақ қаланы жаңа бизнес пен инвестицияларға тартымды қылады.

Аталмыш қоғамдық саябақтар мыналарды ұсынуы мүмкін:

  • жаяу адам жүруге арналған сүрлеулері
  • скейтборд саябақтары
  • велосипед айдауға арналған жолдар
  • баскетбол алаңдары
  • футбол алаңдары
  • волейбол алаңдары
  • бадминтон алаңдары
  • қоғамдық жүзу хауызы
  • көкке шығуға арналған таза алаңдар
  • иттермен серуендеуге арналған алаңдар
  • ботаникалық бақ
  • концерттер мен фестивальдер өткізуге арналған ашық аспан астындағы сахна

Қаланы сәулеттендіру

Шынына келетін болсақ, Алматы өте лас қала, сондықтан тартымды емес. Көшелерде жатқан әр түрлі қоқыстар, «Амал қанша?» деген дей, тағы қоқыс тастауға шақырып тұратын сияқты. Осы мәселені іс жүзінде түзетуге және меңгеруге көмектесе алатын бірнеше ұсыныстар:

  • Адамдарды қоқыстарын арнайы жәшікке тастауға шақыратын көшедегі және теледидардағы жарнамалар жасау. Адамдар бұл өздерінің қалалары мен үйлері екенін түсінуі керек.
  • Мәселе жақсарғанға дейін, айына бір рет жалпықалалық сенбілік аула тазарту жұмыстары жүруі керек. Сенбіліктерге оқу орындары мен кәсіби ұйымдарды қатысуға шақыру керек.
  • «Түрме жұмысы» бағдарламасын орнатып, жеңіл қылмыспен түскендерді саябақтарда қоқыс теруге шығаруға болады.
  • Ауданды тұрмыстық қалдықтардан тазалау және сәулеттендіру жарыстарын ұйымдастыру;
  • Көшелерде қоқыс қалдықтарын лақтыруға қарсы қатаң заңдар;
    • Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағандарды полиция қызметкері жауапкершілікке тартуы керек.
    • Полиция қызметкері саябақты күзетіп, рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастаған адамға айыппұл салуы керек.
  • Көп қабатты тұрғын үйлерді шатырымен қоса тартымды түстерге бояу.

Ауа тазалығы

Алматы дүниежүзінің ауасы ең лас қалаларының бірі болып табылады. Таулардың арқасында қаланың желдетілуі қиындатылады, сол себептен бұл мәселені реттеу керек. Осыларға қатысты бірнеше ұсыныстар:

  • Көліктерге, жүк машиналары мен барлық қоғамдық транспорттар үшін пайдаланылған газдар жайлы экологиялық нормативтерді қатайту қажет. Оған бағынбаған көліктерді жолға шығуға тыйым салу керек.
  • Зауыттар үшін ауа тазалық талаптарын қатайту қажет.
  • Қаланың ішінде қоқыс қалдықтары мен жапықтарды жағуға қатаң тиым салу керек.
  • Экологиялық тазалыққа сәйкес келетін ядролық энергетика мен электрмобильдер сияқты жолдар іздеу.
  • Алматының ластануына үлес қосатын үлкен кептеліс мәселесі де бар. Тоқтап тұрған немесе баяу қозғалыстағы көлікке қарағанда еркін қозғалыстағы көлік салыстырмалы түрде пайдаланылған газдарды азырақ шығарады.

Көліктер қозғалысы

Алматы қаласының жолдарындағы автокөліктер санының орташа өсімі соңғы алты жылда 29% құрды. Бұл ауаға көмірқышқыл газының тарауын анағұрлым арттырды. Егер алдын алмаса, денсаулыққа ұзақ мерзімді өте жаман әсерін тигізеді. Жол-көлік оқиғалар саны алаңдатарлық. Адамдар жұмыс уақытының айтарлықтай бөлігін жол кептелісінде өткізеді.

Таза ауаға қатаң талаптар қоюға қоса, осы мәселені шешу үшін жақсы жол инфрақұрылымын дамыту керек. Кептелістегі көліктер еркін жүрген көліктерге қарағанда ауаға көбірек газдар тарауына алып келеді. Індетке айналған көлік кептелісі жол-көлік оқиғалары мен адам өлімінің айтарлықтай өсуіне алып келді. Соңғысы, көліктер кептелісі жүргізушілердің шаршауы мен мазасындануына алып келеді. Бұл көлікті қауіпсіз жүргізуге себепші болуы мүмкін. Алматыдағы мәселені кешенді әдіспен шешуді қажет етеді.

  1. Ыңғайлы метро жүйесін дамыту. (орындалуда)
  2. Жоғарғы жылдамдықта жүруге арналған қала ішіндегі және қала айналасындағы бағыттар құрылысы. Бұл құрылым 4-6 жекелеген жолдардан тұруы тиіс, және бұл жолдарға тек арнайы жерінен кіріп-шығуға болады. Құрылымда ешқандай бағдаршам немесе тоқтау белгілері болмайды, ал қала ішімен жер үстінен биіктетіліп өтеді. Осы, Абай даңғылындағы қозғалыс сияқты, қаланың бір шетінен екінші шетіне өтіп бара жатқан негізгі жолдардағы көлік қозғалысын 35% дейін азайтады.
  3. Бангкок қаласындағыдай, Абай даңғылында жер үстінде орналасқан теміржол жүйесін дамытуды ұсынар едім. Айтарлықтай адам саны Абай даңғылы бойымен күнделікті қатынайды және мұндай бағыт осы көшедегі көлік қозғалысын едуір азайтар еді.
  4. Қала ішінде негізгі бекеттерін байланыстыратын облыстық жылдам пойыз жолдар бағыттарын дамыту. Мысал ретінде мынадай бағыттар бойынша қызмет көрсетуге болады: Талғар, Алматы халықаралық әуежайы, Абай даңғылы — Достық көшесі, Орталық стадион, Абай даңғылы – Розыбакиев көшесі, Жетісу, Қаскелен т.с.с.
  5. Көшелерде көлікті қоюды азайту мақсатында, көп деңгейлі жабық көлікжайларын тұрғызу. Жаңадан құрылған бизнес аудандардың тұрақ-көлікжайларынан, көшеге шықпай-ақ, ғимаратқа жабық өткел арқылы өтуге болады.
  6. Көлік қозғалысын былай жақсартуға болады:
    • алдымен жаяу жүргіншілер өтуіне 15 секунд көрсететін бағдаршам орнату
    • бұрылатын көліктер үшін бағдаршамда қосымша бағыт көрсеткіш орнату
    • қарбалас сәт үшін бағдаршам уақытын арнайы бағдарламалау керек
  7. Қоғамдық жолаушыларды тасымалдау
    • аялдамаларда, автобустар тоқтап жолаушыларға қызмет көрсетуі үшін кеңірек орындары болу керек.
    • автобустар мен шағын автобустар көшенің жүру жолағында тоқтап, жолаушыларға қызмет көрсетуге тыйым салу керек.
    • Автобустар мен шағын автобустарға аялдамадан басқа жерлерде тоқтауға тиым салынуы керек.
  8. Жаяу жүргіншілер өткелдерін жақсарту
    • Жол қозғалысы жылдам жерлерде жаяу жүргінші жер асты өтпесі, аспалы көпірлер немесе бағдаршам арқылы өтуі керек.
    • Жаяу жүргіншілер өткелдерінің үстінде орналасқан ескерту жарығы бар көрсеткіштер болуы керек. Жолды өтетін жүргінші алдымен түймені басып, белгі береді.
    • жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмеген жерлерден өтуге тиым салынуы керек
    • қауіпсіз және сыпайы жүргізуді насихаттайтын жарнамалар кампаниясын өткізу керек.
    • Барлық жүргізушілер жүргізуші куәлігін алмастан бұрын, жақсы оқытылыу керек. Жүргізуші куәлігін заңсыз беруі қатаң жазалануы керек. Заң бұзушыларды анықтап, соттау үшін жасырын операциялар жүргізілуі керек.
    • Түрлі автокөлік нөмірлеріне негізделген, соның ішінде үкімет көліктеріне артықшылықтарды беруге тыйым салыну керек. Мұндай тәжірибе құқықтық жүйеге нұқсан келтіреді және басқаларды полиция күштерін жемқор деп, елемеуге шақырады.
  9. Жол қозғалыс заңдары
    • Такси, сондай-ақ тасымалдаумен айналысатын жеке көліктер, арнайы такси аймақтарында тоқтаулары тиіс. Арнайы такси аймақтарын аялдамалардың қасында белгілеуге болады.
    • Жемқорлыққа қарсы полиция қызметкерлері қатардағы азамат киімінде пара сұрайтын жол полицияларын ұстау операцияларын жүргізу. Бұл өте маңызды, өйткені заңға мойынсұнбай, пара сұраған полиция қызметкері, бүкіл полицияның беделін түсіреді. Көлік жүргізушілері полиция нұсқауларын орындағылары келмейді, өйткені оларды, өз лауазымын пайдаланып полиция киіміндегі қылмыскерлер ретіне қарастырады. Бұл жолдарды жақсы қадағалау үшін өте маңызды.
    • Патрульдық полиция көліктері жылдамдықты асырған, сигналдық ережені бұзған, бөлу жолағынан шығып кеткен, қолайсыз жерде бұрылған, т.б. көшедегі тәртіп ережелерін бақылауы керек.
    • Дұрыс қойылмаған көліктерге айыппұл салу үшін жаяу патрульдерді енгізу.
    • Тұрақ бекетінен басқа жерлерде, көше қиылыстарында тоқтап тұруға, көлікті қалдыруға қатаң тиым салынуы керек. Тар көшелерде тоқтап тұру жол кептелісіне алып келетіндіктен тыйым салынуы керек.
    • Көлік құралдары жол қиылыстарына тоқтап қозғалысқа бөгет болмауы керек. Осы жол кептелісіне алып келеді.
    • Түнгі уақытта көлік аз болғандықтан, басты жолға сары түс жанып-өшіп тұрады, ал бағыныңқы жолға қызыл түс жанып-өшіп тұратындай қылып ауыстыру керек. Жанып-өшіп тұрған сары түс — абайлап өте беруге рұқсат береді. Ал жанып-өшіп тұрған қызыл түс — көліктің толықтай тоқтап, өзге көліктер жоқ болғанда жүруге рұқсат береді. Ал қазіргі барлық бағытта сары түс жанып-өшіп тұруы өте қауіпті. Бұл барлық жүргізушілер баста жолда және жүре беру керектігін көрсетеді.
    • Бағдаршамдар тоқтың жоқтығынан істемей қалғанда, төрт жақты тоқтау протоколы пайдалану керек. Бұл барлық көліктердің тоқтауын талап етіп, оң жақтағы көліктерге бірінші жүруге мүмкіншілік береді.
    • Барлық көлік құралдары апаттық көліктердің сиреналары ойнаған кезде көліктерін тоқтатып, шетке шығу керек. Рұқсатсыз сирена пайдалану қатаң жазалануы тиіс.
    • Жүргізушілер көлікті ұқыпты жүргізуге үйретілуі керек, қажет жерде бір жолаққа ауыса білуі керек. Көліктердің бір жолаққа бірігуі кезектесуді талап етеді.