Спорт әлем бойынша жастар өз қуатын көрсетіп жаттығатын жағымды құбылыс және кез келген ауданда бүкіл жанұяға демалып қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік беретіндіктен бағаланады. Білім беру саласында, спорт түрлері және сабққа қосымша шаралар оқу жағдайын, үйрену үрдісі мен оқушылардың көрсеткіштерін жақсартатыны дәлелденген.

Спорт жастарға батылдық береді, құндылықтарды үйретеді және күштерін жұмсайтын орын бергендіктен қылмыстық санын төмендетеді. Қоғамдық демалыс спорт лигалары қоғамды күшті және тұратын жерлерін ұнамды қылады. Соңғысы, түрлі спорттарға кең негіз салу, болашақтағы кәсіби және ұлттық топтарға ойыншылар, бапкерлер, жанкүйерлер мен демеушілер қорын шығарады.

Спорт — сынып сияқты

Спорт қоғамның өміріне маңызды және үздік үлес қосу болғанымен, бұл тағы ұлтымыздың болашағы — жастарға маңызды және үздік сыныптың рөлін атқарады. Спорт жастардың өмірін көрсетеді. Спорт — жастарға, өмірлерінің осы кезеңінде өздеріне қызықтыны дамытуға мүмкіндік алатын алаң. Спорт — жастарға өз дарындары мен мінезін әлемге көрсетуге мүмкіншілік беретін сахна.

Спорт осы балаларға ауыр еңбек етудің, бағышталудың, топтық жұмыс, жеке ұстамдылық пен ережелерді ұстанудың негізгі қасиеттері мен құндылықтарын үйренуге мүмкіншілік береді. Осы қасиеттер жеке тұлғаның табысты болуына маңызды, бірақ бұл бүкіл жанұя, қоғам мен елдің жетістігі үшін де маңызды. Спорт жастарға өздеріне сенімді болуға мүмкіншілік береді, сол арқылы олар алдындағы өмірлерінде одан да үлкен белестерден өте алады. Қысқаша айтқанда, спорт — жастар мен бүкіл ұлттың мінезін құру және қалыптастыру үшін керемет құрал.

Ұлттың болашағы оның жас адамдарында. Бүгінгі жас спортшылар ертеңгі кәсіби спортшылар, бапкерлер, мұғалімдер, мамандар, кәсіпкерлер, сондай-ақ үкімет басшылары болып табылады. Олар әлі жас және дамып келе жатқан кездерінде бізді қажет етеді, және сол қысқаша мүмкіншілікті пайдаланып, олардың өмірлеріне уақытымызды және барымызды салуымыз қажет.

Қазіргі біз оларға көңіл бөліп, олармен уақыт өткізуге мүмкіншілігіміз бар, бұл тіпті біздің жауапкершілігіміз. Өз уақытымыз бен барымызды оларға қию арқылы оларға өзін аямай, өзгелерге құрбандық беру мен өзгелерге бағышталудың құндылықтарын өз үлгімізбен көрсетіп жетелеу біздің міндетіміз. Мұндай мүмкіндіктер салауатты күш жұмсау орны ретінде ақырында әрі жастарға, әрі бүкіл қоғамға да пайдалы болады. Басқа жағымсыз жол сандалу, торығу, қылмыс жасау, есірткі мен ішімдік болуы мүмкін.

Оқу орынға қатысты спорт бағдарламалары оқу үдерісін жақсартады

Білім жастардың және бүкіл Қазақстан елінің табысқа жету кілті. Бүгінгі Қазақстан студенттері ертеңгі халықаралық нарықта жаңа технологияларды, тауарлар мен қызметтерді ұсынатын әлем көшбасшылары болуға әлеуеті бар. Алайда мұндай тапсырмаға тек еңбеккорлықтың, өзін-өзі бағыштаудың, және жоғары сапалы академикалық дайындықтың арқасында қол жеткізуге болады.

Зерттеулер көрсетуі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар, мысалы мектептер немесе университеттер арасындағы спорт бағдарламалары білім беру үдерісіне өте пайдалы екенін көрсетеді. Олар студенттердің күштерін жұмсауға керемет мүмкіншілік және оқу барысында көп ынта тудырады. Осының нәтижесінде жастар үшін білім алу, қоғамдық және моральдық дамуға тамаша орта құрылады. Спорт білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі.

Мектептер мен университеттер негізінде ұйымдастырылған спорт бағдарламаларының жетекші құндылықтары мен ұстанымдары

Спортшы-студенттің қоғамдық, оқу мен спорт жағынан дамуына қолайлы орта қамтамасыз ету үшін, мектеп, университет және спорт бағдарламалары — жастарға әділ және достық спорт бәсекелестік қамтамасыз ету құралы болу керек.

Мектептік спорт лигасының рухы — оқушылар, ата-аналар мен қоғамға адалдық, әділдік, ережелерді ұстану мен жастардың мүддесін қорғауға үлгі болуы керек.

Спортшы-студенттерге оқу бірінші орында тұруы керек. Қатыса алу үшін, спортшы-студенттердің оқуы жақсы және үлгілі тәртібі болу керек. Қысқаша айтқанда, студенттердің оқуы бірінші орында болуы керек және осы спортшы-студенттің мүддесі мен әл-ауқаты қорғалу керек.

Ұсынылатын ұйымдастыру құрылымы

Туризм және спорт министрлігі мен Білім министрлігі осы бағдарламаларды жеткілікті орындалуға қажетті қаржы бөлуі керек. Қоғамдық демалыс лигаларды дамыту жергілікті қала әкімшілігімен бірге жүргізіледі.

Әртүрлі жетекшілік орындар кеңесшінің шешуіне сай жүзеге асады. Бұған мектеп лигалары, университет лигалары және белсеңді демалу лигалары әкімшіліктері жатады. Осы жобаға, лигаларды ұйымдастыруға қызмет ететін қабылдау, жаттықтыру, лицензия беру мен төрешілер кестесін жасау жүйелерді жүзеге асыру жатады.

Лигалардың табысты болуын қамтамасыз ету үшін мектептер, университеттер, кәсіби лигалар мен белсеңді демалыс лигаларының әкімшіліктерін толықтай бөлек қылып, мүдделер қақтығысын болдырмау керек. Қажетті ережелер қабылданып, мектеп пен университеттік лигалардың оқу мақсаттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін олар қатаң орындалуы керек. Осы мектеп пен университет негізінде құрылған лигалардың беделі мен жағымды бейнесін сақтайды.

Қоғамдық белсенді демалу спорт лигалары

Қоғамдық спорт лигалары күшті қоғам құру үшін керемет жоба. Спорт, балалар үшін, күш жұмсап шынықтырады, өмірлік құндылықтарды үйретеді және оларға өздеріне деген сенімділік береді. Қоғамдық спорт лигалары — балалары осындай лигаларға қатысқанда жанұялар бірге жиналып соны көруге және қолдау көрсетуге бас қосады. Осы өзара қарым-қатынас пен тығыз байланыстырады. Бұл қоғамдарды жақындатады және азаматтарды араласуға және қоғамға көмектесуге қалау тудырады.

Қоғамдық спорт лигалары қоғам үшін пайдалы. Осылар жастардың өмірлеріне тұрарлық инвестиция. Егер қоғамдағы адамдар осындай бағдарламаға жауапкершілік алып, өз жастары үшін уақыттарын арнаса ғана қоғамдық спорт лигалары жетістікке жетеді. Қоғам осындай қоғамдық бағдарламалардың құнын түсініп, өз уақыттары мен күштерін волонтер ретінде арнауға дайын болуы керек. Осылай лигалар өз-өзін қамтамасыз ете алады. Осылай осы жерлер өмір сүруге ең жақсы жерге айналады.

Саябақтар мен демалыс үлгісі

АҚШ-та, қала әкімшілігі және өзін-өзі басқару органдарында Саябақтар мен демалыс бөлімдері бар. Осы бөлім қоғамдық саябақтарды дамытуға, жерлері мен ғимараттарына техникалық қызмет көрсетуге және саябақ ғимараттарында өткізілетін қоғамдық спорт бағдарламаларын дамытуға жауапты. Бейсбол лигалары, футбол лигалары, американдық футбол лигалары мен волейбол лигалары қала балаларына ұсынылады. Қосымша лигалары ересектерге ұсынылады.

Саябақтар мен демалыс бөлімі ғимараттарға және лигаларды ұйымдастыруға жауапты. Әдетте, өз атынан балалар мен қоғамға үлес қайтару ұстанымымен жеке адамдар және қоғамдық ұйымдар лигаларды өз еріктерімен жүргізеді. Қатысушылар лигаларға кіру үшін жарнасын төлейді. Осы жарналар мен қоғамдық қорлар мен ұйымдардың қосымша қайырымдылық жәрдемдері лигалардың қаржыландыруға көмектеседі.

Ата-аналар жиі осы лигалардың волонтер-бапкерлері болып қызмет етеді. Тек төрешілер ғана өз жұмыстары үшін айлық алады. Осы қоғамдық лигалар балаларға салауытты серігу мүмкіншіліктерін береді. Жастар салауатты өмір салтымен серігетіндіктен, нәтижесінде, қоғамдық ахуалды жақсартып, кәмелетке толмаған қылмыстар мен есірткі пайдалануды азайтады.

Тағы, қоғамдық саябақтар жаяу жүруге сүрлеулер, жүгіретін жолдар, үй жануарларын серуендету аймағы, балалар алаңы, балық аулайтын кішігірім тоғандар, садақ ату курстары, скейт тебу саябағы, қыс уақытында коньки тебу мұз айдыны, қоғамдық концерттерге ашық аспан астындағы сахналар. Қала саябағы — жанұялар ауыр жұмыс күннен кейін бірге уақыт өткізіп тыныс алуға ең жақсы жер болады. Осы тағы қоғамдық қарым-қатынасты дамытып, тонның ішкі бауындай қоғамды қалыптастырады. Осы азаматтық абырой мен қоғамдық жауапкершілікті күшейтіп, азаматтық волонтерлікті дамытады. Осы қалаларды өмір сүруге тартымды қылып, жаңа бизнестер мен инвестициаларға шырайлы етеді.