Мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) 2000 жылдардан өмір сүріп, Қазақстан жастары үшін баскетбол бапкері болып жұмыс істеп келемін. Мен үшін Қазақстанда өмір сүру үлкен қуаныш пен құрмет, және осында әрқашан тұрғым келеді. Мен ТМД елдерінің болашағы жайлы ойланғанда, Кеңес үкіметі кезеңінен қалып қалған мәсіхшілік сеніміне деген қате көзқарастар мені өте алаңдатады.

Мен бұрын атеист болғанмын, енді қазір мәсіхшімін. Мені Мәсіхке әкелген сенімнің айғақтары және қазір мен мәсіхшіліктің кезінде менің жеке өміріме алып келген пайдасы, қоғамға да бере алатынын түсінемін. Біз шын мәнінде өркендеген мемлекет болуды мақсат етсек, оған тек моральды және игілікті адамдардың арқасында қол жеткізуге болады.

Қазақстанның үлкен келешегі бар және әлеуеті зор. Алайда, Қазақстан пайдалы қазбаларының қолданып жатса да, біз шынымен де табысты болуымыз үшін, жетістік пен өркендеуге қол жеткізетін моральды және рухани негіз қажет. Осы діннің қоғамдағы мәдени мақсаты.

2003 жылы Алматыда Түрік Институты демеушілік көрсеткен протестанттар форумында, оңтүстік кореялық кәсіпкерлер мен дипломаттар мәсіхшілікті қорғап керемет дәйектер келтірді. Олар Оңтүстік Корея халқы мәсіхшілікті қабылдағаны, Оңтүстік Кореялық экономикасы аса өсуіне алып келген ахуал тудырғанын түсіндірді. Мәсіхшілік мәдениетке сіңген сайын, адамдар әділ өмір сүріп заңға бағынатын азаматтарға айналды және нәтижесінде аса өнімді болды. Осындай моральды ахуал экономикалық өркендеуге қолайлы жағдайлар жасады.

Дэниел Уэбстер былай деген:

«Біздің ата-бабаларымыз өз мемлекеттік жүйесін моральдық және діни дүниетаным негізінде орнатты. Олардың сенімі бойынша, моральды әдептер, діни ұстанымнан басқа ешқандай негіздің үстіне құруға болмайды, ешқандай үкімет моральды әдептерден қолдау көрмесе мықты бола алмайды… Не нәрсе адамдарды жақсы мәсіхші қылса, сол оларды өз елінің жақсы азаматы қылады».

Батыстың идеологиялық негізі

Римдік заңгер Цицерон былай деген:

«Ғаламды реттейтін жоғарғы, табиғаттан үстем адамгершілік ережесі бар, соның негізінде барлық заңдар жазылады және талқыланады. Оның авторы және қолдаушысы Құдай».

Осы табиғи заң түсінігі Батыста заң мен үкіметтік басқарудың негізі қызметін атқарды және адамдардың барлығы бағынатын және моральды жауапты болып табылатын, заң жоғарғы қағида мен стандартқа негізделетін, басқалармен салыстырғанда әділ заң жүйесіне алып келді. Осы табиғи заң — заңның үстемділігіне идеологиялық негіз қамтамасыз етеді.

Американың негізін қалаушылар конституцияны жазған кезде, діннің маңыздылығын түсінді. Том Джефферсон, «дін мен моральдық — демократияны қорғау құралдары» — деп жазған. Джефферсон дін мен моральдық, діни сенім арқасында, бостандық пен демократия негізі болады. Алексис де Токвиль алғашқы американдық қоғамда мәсіхшілік қауымның маңыздылығын түсінді. Ол, Америкадағы мәсіхшілер қауымы мемлекеттік институт болмағанымен, ол барлық институттарды моральды жетекшілікпен қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі институт деп жазған.

Американың бірінші президенті, Джордж Вашингтон былай жазған:

«Саяси өркендеуге жеткізетін барлық адамдық әдептерден, дін мен моральдық бөлінбейтін бағаналар болып табылады. Адам бақытының осы екі ұлы тірегін құлатып, патриоттық осылардан артық деушілер бекер айтады».

Вашингтон былай қорытындылайды:

«Жақсы білім берудің санаға ықпалы жайлы не айтылса да, біз ақыл-ой мен тәжірибеден ұлттық моральды құндылықтар діни ұстанымдардан тыс дами алатынын күте алмаймыз».

Америка, америкалық мәдениетте терең тамыр жайып және адамдардың құқықтары мен мүлкі қорғалатын, салыстырмалы әділ және азаматтық қоғамды дүниеге алып келген, яһуди-мәсіхшілік дүниетанымның идеяларының үстінде салынды.

Сенім, сөз, баспасөз, жиналу мен дауыс беру бостандығы арқылы көрінетін бостандық және адам құқықтары — адамдардың өз елі, өз қолдарында деген сезімді береді. Осы иелік сезімі, қоғамдық және азаматтық жауапкершілік түсінігін тудырады және ол жеке азаматтарды ұлы ел болуына түрткі болады. Демократия ахуалында бизнес пен еркін нарық өркендейді.

Бұрынғы Кеңес одағының идеологиялық негізі.

Демократиямен салыстырғанда, кеңестік социализм маркстік атеизмнің идеологиялық негізінде құрылды. Осы утопиялық дүниетаным аталмыш Ағарту дәуірінен бастау алады. Гегель мен Маркс идеяларына негізделген, және Кеңес Одағына Ленин алып келген, социализм Құдайдың бар екендігін жоққа шығарады және адамдар мен үкіметтер өздігінен дамып, діннің қоғамға деген әсерінсіз ақ, өз мәселелерін шеше алады дейді.

Ленин Кеңес одағын, мәсіхшілікке тура қарама-қарсы және мүлдем сай келмейтін атеистік марксизм негізінде қалады. Ленин былай жазған: «Діннен артық жек көрінішті ешнәрсе жоқ,» және коммунизмде: «Құдай жоқ, бола алмайды және болмауы керек». Мәсіхшілік сенімге деген қарсы көзқарастың арқасында, Кеңес Одағы, қауым институты арқылы берілген Киелі кітаптың моральдық жетекшілігі мен нұсқауларының пайдасынан құр алақан қалды.

Кеңестік ойға қарсы шығушы Александр Солженицын, атеизм — кеңестік социализмнің түбінде жатқан дүниетаным ғана емес; атеизм социализмнің мақсаты болды деп жазған. Солженицын, «жындар айқыштан қашқандай, коммунисттер Мәсіхтен қашады» деп жазған.

Тағы, осы қозғалыс еуропалық Ағарту дәуірі мен француз революциясынан бастау алады. Ол жайлы Алексис де Токвиль былай сипаттаған: «Адамдарды әкелерінің сенімінен шығару үшін тұрақты құлшыныспен шаралар жасалды». Колсон былай дейді: «Француз революциясы Құдай патшалығын адам патшалығына ауыстырудағы саналы іс-әрекет еді».

Он тоғызыншы ғасырдағы Нидерланд премьер-министрі және құдайтанушы Абрахам Кайпер, Еуропадағы гуманизмнің шабуылын былай сипаттады:

«Аса Ұлы Құдайға табынудың орнын, гуманизмнің арқасында, адамға табыну алды. Адам тағдыры көктен жерге ауытқыды. «Аса мәртебелі санаға» құрмет көрсету үшін Киелі жазбаларды бұрмалап, Құдай Сөзін аяқ асты қылды. Мәсіхшілік қауым институтын бұрмалап сенімді кетіру, кейін оны мүлдем жою құралы ретінде қолданылды. Мектеп өсіп келе жатқан ұрпақты біздің әкелеріміздің сенімінен алыстататын болды. Университеттерді өзгертіп, дарвинизм адамның Құдайға ұқсас болып жаратылғандығын мойындамай, оны рухани тектілігінен ада ететін институттарға айналдырды. Гедонизм рухани құндылықтардың орнын алмастырды. Эмансипация сөзі — адамдар некені, балалардың ата-анасына деген құрметін, ұлттық дәстүрлердің моральды маңыздылығын аяққа таптайтын ұран сөзіне айналды».

Ойлардың салдары бар

Ойлардың шынымен де салдары бар. Федор Достоевский көрегендігімен былай жазған: «Егер Құдай жоқ болса, онда ешнәрсеге тыйым жоқ. Қылмыс орын алатыны сөзсіз». Атеизм — жеке жауапкершілік пен адамның мінез-құлығы үшін Құдай, әрі қоғам алдындағы жауапкершілігінің негізін жойды. Атеизм — жеке адамның өз моральды беделінен үстем беделді жойды. Осының табиғи салдары ретінде, қағидалар мен заңның үстемдігінің орнына, «әркім өзі үшін» және «табиғи сұрыптау» сана-сезімі келді. Осы мафия мен жемқорлық кең етек жайған бүкіл ТМД-дағы заңсыздықтың себебі шығар. Грузиндық қылмыскер және Ресей мафиясының «өкіл әкесі» Отари Квантришвили былай деген: «Мафияның ұйымдастырушысы болған Владимир Ленин. Ол қылмыстық мемлекетті іске қосты».

Егер Құдай болмаса, онда әділеттікті негіздейтін жоғарғы басқаратын қағида жоқ. Заң тек күш, ақша немесе жеке адамның ықпалымен анықталады. Осы заңсыздық, жемқорлық пен әділетсіздікке ғана алып келе алады; ол ақырында қанағатсыздық, тәртіпсіздік, енжарлық пен экономикалық тоқырауға алып келеді.

Тоталитарлық биліктің экономикалық салдары

Өзінің «Сананың жеңісі: Қалай мәсіхшілік бостандық, капитализм мен батыстың жетістігіне алып келді?» деген кітабында, Родни Старк деспоттық билік пен экономикалық тоқырау арасындағы байланысты көрсетеді. Рим империясынан бастап, ол империя салықтары мен дәрменсіздендіретін қанаушылық экономиканы тұншықтырғанын жазады. Старк былай жазған:

«Римнің құлағанынан кейін, өнертапқыштықтың өркендегені, деспоттық мемлекеттер дамуды тежейді, тіпті болдырмайды. Егер қара шаруаның көбірек тапқан өнімін тартып алатын болса, онда ол неліктен жаңа және жақсы егіншілік технологияны енгізсін? Кім өз өнеркәсібіне қайта салым салып өсіруге тырысады, егер ақсүйектер сол өсімді тартып алатын болса? Мемлекетте тәртіпсіздік арқасында немесе оның билігін шектегендіктен, адамдардың мүліктері біреудің тартып алуынан қауіпсіз болған кезде ғана, өнертабыс пен инновацияның өсу үрдісін көреміз».

Старк, оныншы ғасырдағы солтүстік Қытайдың мысалын келтіреді. Жеке темір табу өнеркәсібі қомақты табыстар тауып жатты. Осы қытай кәсіпорын иелері көп табыс тауып, өз кәсібін үлкейту үшін табыстарын қайта салып жатты. Он бірінші ғасырда, мандарин үкімет өкілдері, қарапайым халықтың байып, шаруаларға жоғары жалақы төлеп жұмысқа алып жатқанын біліп қойды. Олар осыны Конфуций іліміне қайшы деп қарастырды. Нәтижесінде, мемлекет өндірісті тартып алды, ақырында ол істен шықты. Уинвуд Рид Қытайдың көп ғасырлық экономикалық және әлеуметтік тоқырау себебі жайлы былай жазған: «Мүлік қорғаусыз. Осы бір сөйлемде Азияның бүкіл тарихын қамтиды».

Басқа бір мысалда, Старк испандық империясы жетістіктерге еркін капитализм арқасында ешқашан жетпеген, қайта батыстағы отарларын қанап байлықтарын алу арқылы дамыды. Испанияның деспоттық билігі, қара шаруаларды тоқырауға жеткізетін салықтар салып, сол арқылы капитализмнің дамуына деген үмітті өшірді. Старк өз ойын, өте үлкен айырмашылығы бар Америка мен Мексика экономикаларын салыстыра жеткізеді. Мексиканы отарлаған Испания, ал Американы отарлаған Британия болды. Ол былай жазған:

«Британдық отарлар салыстырмалы демократиялық институттар негізінде жоғары деңгейлі жергілікті саяси дербестікті көрді. Испандық отарлар, испанадық немесе жергілікті олигархтардың билігінің астында болды».

Старк сол деспоттық билікпен құрылған экономикалар, байлық өнім өндіруден келетінін түсінбеген сипаттайды. Ол: «Байлыққа тоқырауға алып келетін салық салынып, тартып алу тұрақты қауіпі болған кезде, адамның мақсаты байлығын өнімді қылу емес, қайта сақтап қалу болады». Деспоттық билік шабыт пен шығармашылықты аяқсыз қалдырады. Ал басқа жағынан, демократия — экономиканы шектеулі адамдардың қолдарынан көпшіліктің қолына беріп таратады. Бостандық пен демократия — жеке адамдардың құқықтары мен мүліктерін қорғау бағытында жұмыс істейді. Осы адамдарға жаңартпалар енгізуге, инвестиция жасауға және мүліктерін біреу тартып алуынан бостандық береді. Осындай ахуал экономикалық дамуға қолайлы.

Старк: «Батысты жетістігі алғашқы капитализм үшін қауіпсіз айлақтар қамтамасыз ете алатын еркін қоғамдардың дамуына тәуелді болды» деп жазады. Деспоттық мемлекетте, жұмысшылардың ең басты мақсаты, термен тапқандарын жасырып қорғау, ал нәтижесінде мүмкіндігінше азырақ өнім беру болады. Старк деспоттық мемлекетте: «Өмір сүру деңгейінің стандарттары, қоғамның өнім өндіру әлеуеттерінен анағұрлым төмен» болатындығы жайлы жазады.

Мәсіхшіліктің экономикалық пайдалары

Старк, орта ғасырларда, монастырлік қожалықтар өздеріне дейінгі экономикалық үлгілердің орнын басып, капитализмге жол ашқанын сипаттайды. Капитализм мәсіхшіліктің қағидаларының үстінде дамыды. Старк, кез-келген экономика үшін өндірістің маңыздылығына екпін қойып, былай жазады:

«Капиталистік экономика өнімділікті мына жолдармен арттырады: Жеке мүлік қауіпсіз және жұмыс істеуге ешкім мәжбүрлемегендіктен, адамдар тек өздерінің өнімді еңбектерінен пайда табады, сондықтан бұл оларды көбірек өнім шығаруға жігерлендірді. Қожайындар (инвесторлар) өскен өнім шығарудың пайдасын көргендіктен, кәсібіне тапқан табысты қайта инвестиция жасап, оны өсіру үшін жақсы технология немесе ынталы және білікті жұмыс күшін қалауы мүмкін. Жұмыс берушілер арасында бәсекелестік болып, жалақылар мен сыйақылар өседі, қызметкерлердің сатып алу қабілеті артады. Осы өз кезегінде, мысалы, көлік немесе теледидарлар шығарушылардың тауарларын алуға мүмкіншілік береді. Салыстырмалы түрде қатаң қадағаланбайтын нарықтар, жаңа сауда мүмкіншіліктер жаңа өндірушілерді тартады, бәсекелес бизнестер пайда болады. Осы жоғары сапа мен төмен бағаларға алып келеді. Сонымен, капитализмнің «сиқыры» мынада: уақыт өскен сайын, әркімнің жағдайы өседі».

Старк яһуди-мәсіхшілік дүниетанымының ойлары мүліктік құқықтарды қолдап, ұрлық пен алаяқтықты үкімдейтінін айтады. Ерте мәсіхшілер қауымының әкесі Августин «жеке мүлікті табиғи жағдай … заңды және қажет» деп қарастырды. Старк былай түсіндірген:

«Аквиналық Тома осы айтылғанды жеке мүлік ортақ игілікке үлес қосатындығын айтып жақтады. Біріншіден, ортақ нәрсеге қарағанда, адам жеке өзі жауапты мүлікке жауапты қарайды. Ортақ затқа жауапкершілік өзгеге арта салады. Екіншіден, адамдардың жұмысы, әдетте, әркімнің жеке өз жауапкершілігі болғанда жақсы және тиімді ұйымдасады. Үшіншіден, әркім өз шаруасымен болғанда, тыныштық сақтау мүмкіншілігі артады».

Старк, осы еркін нарық ғылым, технология мен өнеркәсіптік дамуға алып келгенін сипаттайды. Банк жүйесі, қызметкерлер, басшылық, үнемдеу және білім беру дамыды. Мәсіхшілер қауымы жоғары оқу орны ретінде университеттерді он екінші басында аша бастады. Старктың жазуы бойынша, алғашқы екі университеттер он екінші ғасырдың басында Париж бен Болоньяда пайда болды. Ал Оксфорд пен Кэмбридж университеттері шамамен 1200 жылдары басталды. Осылардан кейін келесі ғасырларда тағы да басқа оқу орындары ашылды. Старк университеттердің «түбегейлі мәсіхшілер институты болғанын; ұстаздары діни қызметкерлер, ал нәтижесінде алғашқы ғалымдар» болғанын айтады. Кейін Америкада, алғашқы он сегіз университеттің он жетісі де мәсіхші қауымдармен салынған.

Чарльз Колсон, өзінің «Енді қазір қалай өмір сүреміз?» атты кітабында, варварлардың мәсіхшілік сенімін қабылдағаны, қазіргі Еуропаның рақаттанып жатқан экономикалық өркендеуге алып келгендігін сипаттайды.

«Варвар тайпалары мәсіхшілікті қабылдаған сайын, жаулау жорықтары азайды, еуропалық қоғам өркендей бастады. Қалалар өсті, қолөнершілер мен мамандықтардың мүддесін қорғайтын гильдиялар пайда болды және сайланатын үкіметің алғаш тамырлары жайылды. Осы жағдайда, мәсіхшілік жаңа институтты — университетті дүниеге алып келді. Олар Париж және Болонья сияқты жерлердегі үлкен кафедралы соборлар аясындағы мектептерден пайда болды. Кейін сол монастырлардың орнын басып, білім мен мәдениет орталықтарына айналды».

Америкадағы алғашқы он сегіз университеттің он жетісін, мәсіхші қауымы құрғаны ата кеткен жөн. Оның ішіне Гарвард және Йель университеттері кіреді. Шынымен де осылар мәсіхшіліктің экономикалық пайдасы.

Чарльз Колсон, дін үшін берілген Темплтон сыйлығын алу кезіндегі сөзінде, Американың яһуди-мәсіхшілік мұрасы Батыста бостандықтың негізін салғанын айтты.

«Ол адамдар мен бүкіл ел үстінен әділеттіктің стандартын орнатты. Тиран билеушілердің наразылығын ашып көрсететін жоғары заңды жариялады. Әр адам баласы мәңгілік жолында екенін, сондықтан әр ер мен әйел адам Патшаның баласындай мәртебе лайық екенін үйретті».

Колсон,

«Осы сенім өнерде үстемділік пен ғылыми жаңалық ашуды жігерлендірді. Ол жұмыс этикасы мен қызмет ету этикасын қолдады. Ол ішкі ұстамдылығы бар сабырлы бостандық беріп, біздің заңдар еркіндік бергенмен, қоғам шектен тыс шықпайтындай қылды. Мәсіхшілік ұстанымдар қоғамдық адамгершілікті, игі істер істеуге деген моральды құлшынысқа шабыт береді. Ол мыңдаған адамдарды ауыруға қарсы, езгіленіп қысылғандарды қорғауға жіберді. Ол құлдарды сатуды тоқтатты, ауруханалар мен балалар үйін соқты, және психиатриялық ауруханалар мен түрмелердің қатыгездігін бәсеңдетті».

Өзінің «Сананың жеңісі» атты кітабында, Родни Старк, Қытайдың жетекші ғалымдарының айтқандарынан үзінді келтіреді:

«Соңғы жиырма жылда, біз сіздердің мәдениеттеріңіздің жүрегі — сіздердің діндерің: Мәсіхшілік екенін түсіндік. Сондықтан Батыс сондай күшті. Қоғамдық және мәдени өмірдің мәсіхшілік моральды негізі — капитализмнің пайда болуына жол ашып, кейін демократиялық саясатқа алып келді».

Герберт Лондон, өз «Американың зайырлы мәселесі» атты кітабында, «Халықтар байлығы» кітабының авторы, Адам Смиттен үзінді келтіреді. Көбісі Смитті еркін нарық жүйесінің әкесі деп санайды. Смит моральды ұстанымдарымен шектелмеген еркін нарық, ақырында қоғамды шірітетінін түсінді.

Жақсырақ жол

Екінші дүниежүзілік соғысты аяқтау үшін жапондықтар одақ күштеріне берілгенде, американдық генерал, Дуглас Макартур былай деп ескерткен:

«Біздің соңғы мүмкіншілігіміз болды. Егер біз жақсы және әділетті жүйе ойлап таппасақ, ақырзаман біздің табалдырығымызды аттайтын болады. Мәселе теологиялық және рухани қайта жаңарту мен адам табиғатының жақсартуға қатысты. Егер біз тәнді құтқарғымыз келсе, алдымен рухтан бастауымыз керек».

Қазақстан үшін, сондай-ақ кез келген қоғам үшін жауап, соғысқа алып келетін көтеріліс емес, бірақ қайта адам жүрегін өзгертетін моральдық көтеріліс. Бұны рухани және моральды қайта оянудан табуға болады. Жеке тұлғалар мен бүкіл халықтар Құдаймен қайта жарасқанда, адамдардың өмірлері өзгеріп, олар Құдайдың моральды құралы болып, рухани түнек пен өлім дүниесіне жарық пен үміт алып келеді. Жаратушының берген нұсқаулықтың кеңесін тыңдағандар үшін сезілетін экономикалық пайдалары бар.

Яһуди-мәсіхшілік дүниетанымның батыстағы ықпалы мәдениетті терең тамыр жайып, жеке тұлғалардың еркіндігі, құқықтары мен мүлігі қорғалатын адам құқығы мен заң үстемдігі бар моральді ахуал тудырды. Осы ахуал экономикалар өсе алатын жағдай жасады. Маркстың іліміне қайшы, дін адамдардың апиыны емес. Қайта, шынайы сенім және Киелі кітаптың тәліміне құлақ салу, жеке адамның және халықтың жанын сауықтыратын ем болып табылады.

Осы мақала Exclusive Magazine Kazakhstan журналында, 6 маусым, 2013 ж. жарық көрді