Қазақстан Еуразиялық экономикалық аймақтың орталығы және астанасы болуы үшін маңызды үш қадам

Біз 2013 жылға аяқ басып, Еуразиялық экономикалық аймақ құру жайлы халықаралық талқылаулар аясында, Қазақстанның географиялық орналасуына қарай, керемет мүмкіншілік есігіне «соғып тұр». Осындай аймақ міндетті түрде Еуропа мен Азия экономикаларына тиімді, әрі Қазақстанға оның экономикалық астанасы болуға керемет мүмкіншілік берер еді. Алайда, Қазақстан осы мүмкіншіліктерді жүзеге асыруы үшін, маңызды үш даму қадамы бар деп сенемін.

Ұлттық моральды сипатқа деген үлкен мұқтаждық

Біріншісі және ең бастапқысы, Президент Назарбаев өзінің ұлтқа деген соңғы жолдауларында айтқандай, біз адамдардың өмірлерінде, әсіресе жастарда рухани мінез-құлықты дамытуға өте мұқтажбыз. Шын мәнісінде, біздің әлеуметтік мәселелеріміз бен экономикалық дамуымызға кедергілердің — өзімшілдік, ашкөздік пен әділетсіздік сияқты мораль мәселелеріне байланысын көре аламыз. Жеткіліксіз этика, нәтижесінде, біздің қоғамда басым болып келетін және шынайы экономикалық мүмкіндіктерімізді кісендейтін, «табиғи сұрыптау» сана-сезіміне алып келді.

Осы жерде ашық болып, кең етек жайған заңсыздық пен жемқорлық бар жағдайға қалай жеткенімізді талдау жасауға қалау болғаны маңызды. Алдымен, біздің қоғамымыздың негізін қалаушы ойлар мен алғыойларды талдауымыз қажет, өйткені ойлардың салдары бар.

Іс жүзінде, біздің заңсыздық пен жемқорлыққа байланысты мәселелеріміз Кеңес одағы идеологиялық алғыойларының табиғи салдары болып табылады. Ленин Кеңес одағын, дінге тура қарсы және мүлдем сай келмейтін атеисттік марксизм негізінде қалады. Ленин былай жазған: “Діннен артық жек көрінішті ешнәрсе жоқ,” және коммунизмде: “Құдай жоқ, бола алмайды және болмауы керек.”

Федор Достоевский көрегендігімен былай жазған: “Егер Құдай жоқ болса, онда ешнәрсеге тыйым жоқ. Қылмыс орын алатыны сөзсіз.”

Достоевский, Құдайдың және жоғары табиғи заңның құндылықтарының жоқ болғанында, оның логикалық салдарынан жоғары қағида және заң талаптарына негізделген әділеттілік орнына, «әр адам өз қамын ойлау» және «табиғи сұрыптау» сана-сезімі болатынын дұрыс түсінген. Атеизм — заң талаптарының негізі мен моральды беделін, жеке жауапкершілік пен адамның мінез-құлығы үшін Құдай, әрі қоғам алдындағы жауапкершілігін жойды. Атеизм — жеке адамның өз моральды беделінен үстем беделді жойды.

Достоевский, егер Құдай жоқ болса, онда ақырында, мораль мен заңға, немесе адам құқықтарына ешнәрсе негіз бола алмайтынын түсінді. Егер Құдай жоқ болса, онда біз тек Дарвиннің күресіне қатысқа жануар ғана болғанымыз: “табиғи сұрыптау.” Осындай жағдайда, адамдардың құқықтары мен мүліктерін қорғау үшін қызмет ететін, барлығынан үстем моральды бедел қызметін атқаратын ешқандай жоғары стандарт немесе табиғи заң жоқ. Онда, заң тек күш, ақша немесе жеке адамның ықпалымен анықталады. Осы заңсыздық, жемқорлық пен әділетсіздікке ғана алып келе алады; ол ақырында қанағатсыздық, тәртіпсіздік, енжарлық пен экономикалық тоқырауға алып келеді.

Мүмкін, осы мафия мен жемқорлық кең етек жайған бүкіл ТМД-дағы заңсыздықтың себебі шығар. Грузиндық қылмыскер және ресей мафиясының «өкіл әкесі» Отари Квантришвили былай деген: “Мафияның ұйымдастырушысы болған Владимир Ленин. Ол қылмыстық мемлекетті іске қосты.”

Мәсіхшілер қауымының қоғамдағы рөлі

Қазақстанның үлкен келешегі бар және әлеуеті зор. Алайда, Қазақстан пайдалы қазбаларының қолданып жатса да, біз шынымен де табысты болуымыз үшін, жетістік пен өркендеуге қол жеткізетін моральды және рухани негіз қажеттігін жоққа шығара алмаймыз. Осы қауымға Құдай берген қоғамдағы рөлі, барлық адамдарға моральды және рухани қолдау көрсету арқылы ұлтқа қызмет етуі, ұлттық моральдық құндылықтар мен ұстанымдар мәселесінде жарық пен жолбасшы қызметін атқаруы керек.

2003 жылы Алматыда Түрік Институты демеушілік көрсеткен протестанттар форумында, оңтүстіккореялық кәсіпкерлер мен дипломаттар мәсіхшілікті қорғап керемет дәйектер келтірді. Олар Оңтүстік Корея халқы мәсіхшілікті қабылдағаны, Оңтүстік Корея экономикасы аса өсуіне алып келген ахуал тудырғанын түсіндірді. Мәсіхшілік мәдениетке сіңген сайын, адамдар әділ өмір сүріп заңға бағынатын азаматтарға айналды және нәтижесінде аса өнімді болды. Осындай моральды ахуал экономикалық өркендеуге қолайлы жағдайлар жасады.

Мен, Алматыда қамалған және Өзбекстанға жер аударылумен қорқытылған, өзбек қауым-бақташысы Максет Джаббарбергеновтың ісін мұқият бақыладым. Жеке өзім Қазақстанның оны Еуропаға қоныстандыру үшін БҰҰ БЖКБ-ға тапсырғандарына қол шапалақтай тұрып, негізінде осындай кісілердің жұмысының құндылығын әлі де жете түсінбейміз. Осы адам Киелі кітаптың моральды нұсқауларын адал үйретіп, түрлі қауымдар да бақташы болып адамдарға қызмет етті.

Қоғамды моральді құндылықтарға үйрету, адамдардың рухани мұқтаждықтарын қамтамасы ету, экономикалық даму мен жетістіктің ең маңызды алғышарттарының бірі. Адамгершілік құндылықтарының өсуі азаматтық жауапкершілікке алып келеді, ол өз кезегінде өзгелерге деген сүйіспеншілік пен қызмет ұстанымдарына жетелейді. Осы Қазақстан үшін шешім болып табылады. Американың негізін құрушыларының бірі, Дэниел Уэбстер: “Не адамдарды жақсы мәсіхші қылса, сол оларды өз елінің жақсы азаматы қылады.”

Адамдар — ұлттың нағыз экономикалық өсуге деген әлеуеті

Екіншіден, қоғамның әр сатысында, бізге өз рөлі халыққа қызмет ету, адамдардың құқықтары мен мүлігін қорғау және адамдарға өз дарындарын экономиканың дамуына пайдалануға көмектесу деп түсінетін басшылық керек. Сенім, сөз бен баспасөз бостандығы, барлық азаматтардың көпшілік алдындағы есептілікті қамтамасыз етуге және қоғамдық өміріне әсер ететін дауысқа ие болу арқылы азаматтар қолдауды сезінетін мәдениет құруға көмектесуге, құрал болып табылады. Бұл өз кезегінде жеке жауапкершілікті, азаматтық міндет пен ақырында кәсіпкершілікті жігерлендіреді.

Жағдайдың жақсарып жатса да, әлі кәсіпкершіліктің жеке адамның құндылығын және оның мекемеге қандай үлес қосатынын дұрыс бағалай алмау кемшілігі бар. Адамдарды – құрмет, әділ төлемақы, олардың ойлары мен мүліктерін қорғау арқылы қолдау – мұнай, газ және шикі заттардың кез келген көлеміне қарағанда, экономикаға аса көбірек пайда алып келеді. Ұлттың шынайы экономикалық қабілеті, табиғи пайдалы қазбаларында емес, бірақ оның адамдарында. Егер адамдарда бостандық болса, заңның қорғауы мен адам құқықтарының сақталуын сезінсе, олар экономика үшін табиғи пайдалы қазбалардың кез келген көлемінен артық пайда алып келеді.

Адамдарға қолдау көрсетудің ең жақсы стратегияның бірі: ең төмен әділ жалақы жайлы заң шығару. Әрине, еркін нарық экономикасының дамуына кедергі жасамау үшін сақтық шаралары қажет болады, алайда ең төменгі жалақы жайлы заң орта класстың дамуына көмектесуі мүмкін. Қазірше, орташа азамат аптасына 50-60 сағат жұмыс істеп, ең төмен жалақы алады. Соған сәйкес, жаңа тауарлар, өнімдер мен қызметтерге сұраныс тудыратын адамдардың сатып алу қабілеті жоқ.

Біздің табандылықпен шешу керек тағы бір маңызды мәселе — жемқорлық мәселесі. Қауіпсіздік мақсатында «Әлібек» деп атайын, жас қазақ жігіт осыған мысал болады. Шет елде оқыған, осы дарынды жас жігіт, 40 000 АҚШ долларын салып бизнес ашқан. Бірнеше жыл ішінде, оның ісі он есе өскен. Кейін мемлекеттен екі кісі келіп, оның балаларының суреттерін көрсетіп, егер ол өз бизнесін оларға 40 000 АҚШ долларына сатпаса, оның «мәселелері» пайда болатынын айтты. Жанұясын қорғау үшін, ол өз бизнесін сатуға тура келді.

Бір жыл ішінде бизнес тақырға отырды. Оның бизнесін тартып алғандарда, жас жігіттің біліктілігі мен дарыны болған жоқ еді. Нәтижесінде барлық қызметкерлер өз жұмыстарыннан айырылды. Алайда, ең өкініштісі, осындай өте дарында жас қазақ өз елінен кетіп, өз ойлары мен мүлігі қорғалатын батысқа бара жатыр. Google компаниясының негізін салушы, ресейлік эмигрант сияқты, осы қазақ жігіт те өз дарындарымен АҚШ экономикасын дамытады.

Болашақ кәсіпкерлердің армандары жас кездерінен әділетсіздікке соғылып уатылады. Еңбекқор студенттерден лайықты бағаларын алу үшін мұғалімдеріне пара беруді сұрағанда, олардың барлық еңбегі мағынасыз болып қалады, ал пара беретін жалқау студенттер түк істемей жоғары бағалар алатын. Ал түлектер жұмысқа тұрған кезде тағы да тұғырыққа тіреледі. Өздері еңбектеніп дайындалған жұмысқа кіру үшін пара беру керектігінен қиналады. Нәтижесінде, әр түрлі мамандықтарға ең білікті адамдар емес, қайта пара беруге ақшасы барлары кіріп жұмыс істейді.

Бұл Қазақстанның болашақ кәсіпкерлеріне деген жаман сабақ. Еліне көп байлық алып келуге қабілетті бола тұра, олар оның орнына қарапайым күн көрумен төменгі жалақыға жұмыс істеп жүре береді. Немесе өкінішке орай, олар бір күні Қазақстаннан кетіп, өз армандары мен қалауларын жүзеге асыра алатын жерде өмір сүруді таңдауы мүмкін. Кейін, елдің болашақ экономикалық әлеуеті, осы жастар заңмен қорғалып қолдау көрсетілгенде еліне қандай пайда алып келетіндігін түсінуден ада, ашкөз тұлғалардың қолында қалады.

Осындай мәселелердің арқасында, біз көптеген табысты кәсіпкерлердің пайда болуын көрмейміз. Жемқорлықпен кісен салынған ортада, дарынды кәсіпкерлер, өз жанұялары және ақырында өз еліне, еркін және қауіпсіз өз дарындары мен шеберлігін байлық өндіріп экономиканы өсіре алмайды. Оның орнына, сондай дарынды адамдар қорқыныштың қамауында жәй ғана тірі қалуға жеткілікті жұмыс істеп, біреудің көзіне түспеуге тырысады. Егер осы адамдарды еркіндікпен қолдап, құқықтары мен мүліктерін, интеллектуалды мүліктерін қорғаса, онда олар кең қанат жайып самғар еді.

Адамдарға қолдау көрсеткен кезде, олар көптеген адамдар үшін жақсы жалақы төлейтін жұмыс орындарын жасап, халықтың әл-ауқатын өсірер еді. Экономика өскен сайын, адамдардың сатып алу қабілеті өседі. Бұл өз кезегінде жаңа өнімдерге, тауарлар мен қызметтерге көбірек сұраныс тудырады, ал ол өз кезегінде жаңа бизнеске мүмкіншілік береді. Басқаша айтқанда, адамдар көбірек табыс тапқаннан кейін, көбірек сатып алады, олар жаңа бизнестерге сұраныс тудырады.

Осыған қосылып, әркім тиісті салықтарын төлеген сайын, бизнестер дамуына және аса тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін жағдай жасайтын жақсы жолдар, мектептер, медициналық мекемелер және тағы басқа инфрақұрылымдарды қамтамасыз етеді. Барлығы да ұтады. Ең маңыздысы, адамдар өздерінің Құдай берген дарындары мен қабілеттерін қолданып жақсы ұлт пен өз балаларына үй соғуға көмектеседі. Адамдардың құқықтары мен бостандығы қорғалған кезде, олар өздерінің бір елге қатыстылығын және меншігін сезеді. Бұл азаматтық жауапкершілік пен міндетті тәрбиелейді. Шынында да, қолдау көрсеткен кезде, ұлы елді аяққа көтеретін адамдардың өзі.

Осы жерде, барлық осы ойлар табиғи түрде мәсіхшілік сенімнің ұстанымдарынан шығатынын айта кеткен жөн. «Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер,сендер де оларға солай істеңдер!» Осы Исаның сөздері Оның Таудаға уағызы Матай жазған Ізгі хабарда жазылған. Егер «табиғи сұрыптау» деген марксист-атеисттік аксиомасының орнына осы аксиома қоғамға енгізіліп дамытылғанда, онда бізде жоғары моральды ұстанымдармен өмір сүретін қоғам болатын еді. Бұл өздеріне және бүкіл елген экономикалық пайда алып келуді қолдайтын әділетті және азаматтық қоғам болатын еді.

Осы екі негізгі мәселені шешкенде, біз бір күні жауапты, еңбекқор және заңға бағынатын азаматтардан тұратын қоғамды көре аламыз. Біздің қоғамды әділдік пен әділеттілік негізнде құру арқылы, заң инфрақұрылымын жасауға кірісуге болады. Бұл халықаралық бизнес пен инвесторлар қауымына Қазақстан олардың салымдарына қауіпсіз екендігін көрсетеді. Адамдардың құқықтары мен мүлкі қорғалатын ортада, экономикалық даму өркендейді және Қазақстанды дамып жатқан Еуразиялық экономикалық аймақ ішінде тартымды бизнес астанасы болады.

Жібек жолы экспрессі — Еуразиялық көлік инфрақұрылымы

Үшіншіден, Еуразиялық экономикалық аймақтың жоспары Еуропа мен Азияны байланыстыратын жылдам және тиімді инфрақұрылым жасау арқылы жүзеге асуға болады. Осыған байланысты, Қазақстанның, географиялық тұрғыдан орталықта орналасқандықтан, ерекше мүмкіншілігі бар. Қазақстан, Еуропа мен Азияны байланыстыратын жоғары

жылдамдықтағы темір жол инфрақұрылымын дамытуда негізгі қозғалу күші мен географиялық орталығы бола алады.

Еуропа мен Азияны байланыстыратын жоғары жылдамдықтағы темір жол торабы тауарлар мен қызметтің Азия мен Еуропа арасында еркін тасымалын мүмкін қылады және Орта Азия экономикасына үлкен дамуды қамтамасыз етеді. Өзінің геосаяси орнымен, осының ең негізгі пайдасын көруші Қазақстан болады. Осындай темір жол жүйемен, қазақстандық және басқа да орта азиялық тауарлар мен қызметтер тез арада еуропалық және азиялық нарықта бола алады. Осындай тауарларға мұнай, газ өнімдері және өңделген тауарлар, ауылшаруашылық өнімдері, табиғи пайдалы қазбалар мен басқа да тауарлар жатады.

Осы инфрақұрылым еуропалық және азиялық өнімдер, тауарлар және қызметтер Орта Азияда еркін тасымалданып, еуропалық және азиялық нарықтарда 2-3 күн ішінде бола алады. Осыдан пайда көре алатын азиялық экономикасының бірі, сөзсіз, Қытай болып табылады. Қытай қазіргі уақытта тауарларын теңіз арқылы тасымалдайды. Ол дегеніміз қысқа сақтау мерзімді тауарлардың тасымалдауға жол бермейді. Сенімді жоғары жылдамдықты темір жол инфрақұрылымы жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартар еді. Орта азиялық жоғағы жылдамдықтағы темір жол инфрақұрылымы Еуразияның барлық экономикаларына ұтымды жағдай жасайды.

Жоғары жылдамдықтағы жолаушы тасымалдайтын темір жол қызметі Қазақстан ішіндегі бизнесті дамытуға айрықша пайдалы болар еді. Жоғары жылдамдықтағы жолаушы тасымалдайтын темір жол қызметі, 300 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, Алматыдан Астанаға 5 сағатта, Алматыдан Шымкентке 4 сағатта, Алматыдан Атырауға 8 сағатта және кез келген Батыс Еуропа қаласына 24 сағат ішінде жеткізетін еді. Осындай саяхаттау мүмкіншіліктері экономикалық дамуды аса жақсартар еді және осындай жоба 15 жыл ішінде өз құнын ақтар еді.

Құрылыс тұрғысынан, бұндай жоба қомақты инвестициаларды талап етеді. Бұндай жүйені дамытуға жоғары жылдамдықты темір жол рельстері еуропалық және азиялық рельстерінің өлшемдері мен ерекшеліктеріне сай соғу кіреді. Бұл тағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті шектеулер мен көпірлер инфрақұрылымын талап етеді.

Осындай жобаның құны үлкен болғанымен, бұл заманауи жібек жол саудасына жол салып, экономикаға алып келген пайдасымен өзін ақтар еді. Мұндай жобаны қаржыландыру үшін ұсынылатын бір стратегиясы: бірлескен күшпен жобаның 60% қатысушы Еуразия елдері, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен басқа да даму агенттіктері 20%, сондай-ақ жеке инвесторлар және Қазақстан халқы үшін төмен бағалы мемлекеттік облигациялар арқылы 20% қаржыландыру.

Орта азиялық жоғары жылдамдықты темір жол инфрақұрылымы екінші дәрежедегі керемет пайда алып келеді. Еуразиялық экономикалық аймаққа практикалық тетіктер қамтамасыз етуге қосымша, Қазақстан, өзінің географиялық тұрғыдан ортада орналасқандықтан, Еуразиялық экономикалық аймақтың қаржы және бизнес астанасы болуға керемет мүмкіндігі бар. Осы Қазақстанды еуропалық және азиялық бизнестерге Еуразиялық басты кеңселерін ашуға және өндіріс кәсіпорындарын құруға ең қолайлы жер қылады.

Мүмкіндіктер «есікті соғуда»

Шынымен Қазақстанның алдында үлкен мүмкіндік тұр. Бірақ, осының жүзеге асуы үшін, халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның бизнеске жақсы орта екендігіне сенімді өсіру үшін, Қазақстан халықаралық заң талаптары мен адам құқықтарының стандарттарына шынымен бағышталуы керек. Осыған жетуге қажетті шаралардың бірі — тиісті заң инфрақұрылымы мен осындай сауданы қорғау болып табылады. Бұған сауда-саттықты жігерлендіру үшін кеден шектеулерін азайту мен тарифтерді төмендету кіреді. Тағы, қатысушы елдер арасында достық өзара әрекеттесу болуы керек.

Шынымен, Қазақстан «есігіне» мүмкіндіктер «соғып тұр». Қазіргі кезеңде, үлкен арманмен армандап, өткен парадигмалар мен ескі ойлау әдістерімен шектелмеуіміз керек. Өсу үшін, біз инвестиция жасауымыз керек. Осы мүмкіншілік Еуразиядағы бизнес бейнесін өзгертіп, Жібек жолын — біз тек армандай алатын деңгейде қайта жаңғыртады. Біз ұйықтап, біздің есігімізге соғып тұрған осындай керемет мүмкіншілікті өткізіп алмайық. Есіктерімізді айқара ашып, Қазақстан ұлтына және адамдарына Құдай берген мүмкіншіліктеріне толықтай қол жеткізейік.

Осы мақала Exclusive Magazine Kazakhstan журналында, 18 сәуір, 2013 ж. жарық көрді