Астанада өткен экономикалық форум үлкен табысқа жеткен тәрізді. Қазастан өзінің 2050 жоспарын іске асыруы үшін, яғни дүниежүзіндегі экономикасы жоғары отыз мемлекеттің санына кіруі үшін көптеген ойлар айтылды. Төмен корпоративті салық және басқа да қаржылай ынталандырулар шетел инвесторларын сөзсіз тартады. Әйтседе, Қазақстанға бір нәрсе жетпейді: Қазақстан адамдарына шағын және орта кәсіпорынларды құруға өкілеттілік беруі. Маңызды айта кететін жайт, Батыста барлық кәсіпкерліктің 95% шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады және онда, тұрғындардың 65% жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік кез келген дамыған экономиканың арқауы.

Алайда, президент Назарбаев өз сөзінде мәлімдегеніндей, көбінесе тек таныстары немесе үкімет шенеуніктеріне туыстық қатысы бар адамдардың ғана кәсіпорын құруға шамасы бар. Егер бір кәсіпкерлікті бастауға рұқсат етілсе, кәсіпкерлер күнделікті пара, алымдар, айыппұлдар және еңсерілмейтін кедергілерден өту керек. Аға лауазымды тұлғалар, 2050-жоспарында көрсетілгендей, дұрыс сөздер айтқанымен, шындығында біз әлі күнге дейін, жай азаматтың шағын және орта кәсіпорындарды құруына бөгет бодатын сыбайлас жемқорлық және басқа да кедергілер проблемасынға тап болудамыз.

Қазақстанның осы проблеманы шешуге дәрменсіздігі әлемдегі экономикасы жоғары елдердің қатарына қосылу әлеуетін (потенциалын) жоғалтуына әкеп соғады. Полиция қызметкерлерінің санын көбейту арқылы мәдениеттен (қоғамнан) сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Американың негізін салушы Жон Адамстың жақсы айтқан сөздері бар, ол былай жазған: «Біздің Конституциямыз тек адамгершілігі жоғары және діни адамдар үшін жазылған. Басқа мемлекеттерге ол бүтіндей жарамсыз.» Лорд Әктон былай деп жазған: Егер адамдар өздерінің діни нанымдары бойынша, ішкі парыз сезімінің жетелеуімен дұрыс нәрсені істемесе, олар сыртқы қорқыныш сезімінің түрткілеуімен іс-әрекет жасауға мәжбүр болады. Бірақ одан жақсырақ амал бар-ғой.

Қазақстандағы ең үлкен қажеттілік — жастардың мінез-құлқын дамыту деп президент Назарбаев дұрыс айтып кетті. Өзінің толық экономикалық әлеуетін іске асырудағы ең үлкен кедергі болған сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құрту ниетіне жету үшін, Қазақстанға керегі дәл сол.

Назарбаев жақында айтқан сөзінде, әлемдегі экономикасы үздік елдерде протестант мәсіхшіліктің (христиан) әсерін байқайсыз деді. Экономикалық дамудың табиғи алғышарттары — әділеттілік және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау стандарттары — – тарих барысында Батыс мәдениетіне яһуди-мәсіхшілік (иудей-христиан) құндылықтырының сіңу әсерінен туындаған.

Моральдің және мінез-құлықтың қалыптасуына септігін тигізген қауым (церковь), барлық адамдардың құқықтары мен меншігін құрметтейтін әділ азаматтарды тәрбиелеуге қызмет етті. Яһуди-мәсіхшілік сенімнің алғышарттары, заңның және адам құқықтарының билігіне моральді беддел береді, соның нәтижесінде адамзаттың өркендеуіне және кәсіпкерліктің дамуына жағдай туады.

Қазақстанның шынайы экономикалық әлеуеті, оның мұнай, газ немесе басқа табиғи қорларында емес. Қазақстанның шынайы экономикалық әлеуеті — оның адамдары. Басқалардың құқықтары мен меншігін құрметтейтін, әділ және моральді адамдар, табиғи ресурстардың көлеміне қарамастан, әлдеқайда көп байлық жасап, экономиканы көтере алады. Адамдар жақсы біліммен, жақсы инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылуы тиіс, ал ең бастысы, қатардағы азаматтардың құқықтары мен мүлкі қорғалуы қажет. Үкіметтің рөлі халқына адал қызмет ету және өз азаматтарының құқықтары мен меншігін қорғау, өйткені олар, дәл сол әлеует болып табылады.

Шынында да, кеңес заманынан қалған ойлау әдетін және мәдениетке деген сенімсіздікті біржолата тастайтын уақыт келді. Қазақстанның экономикалық әлеуеті, тіпті ең оптимистік адам елестетуінен әлдеқайда зор және дәл сол, жетіспейтін элементтің бірі болып табылады. Қазақстан сол әлеуетіне жете алады деп сенемін, бірақ ол қоғамның адамгершілік өлшемін қамтуы тиіс. Сенім және экономикалық даму ажырамас дүниелер.