Қазақстан әлемде экономикасы шапшаң өсіп жатқан он елдің қатарында. Алуан түрлі мәдениеті бар, бұл халық 140 ұлттың және 17 діни топтың отаны. Бас қаласы Астанада, Expo 2017 кормесі жоспарлануда. Қазақстанның өршіл жоспары — 2050 жылға дейін дүние жүзіндегі экономикасы үздік отыз мемлекеттің қатарына қосылу жолында. Осы орайда, Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін орасан зор күш салуда. Жақында шыққан заң бойынша инвесторларға 30% мемлекеттік субсидия ұсынылады және он жылға дейін салық алынбайды. Бұл ұсыныс Батыс тұрғындарына Euronews сияқты танымал ақпарат арнасында тактикалық жарнама кампаниясы арқылы хабарланды. Дегенмен, сондай шынайы әрекеттерге қарамастан, астыртын сыбайлас жемқорлық әлі де тым кең тараған.

Өзінің атын атамауды қалаған Нидерланд елшілігі өкілінің айтуынша, жақында Нидерланд компаниясы, Қазақстанның тартымды ұсынысын қабылдады. Алайда, олар жаңа нысанын бітіргеннен кейін, көп ұзамай, Қазақстан «инспекторлары» біраз жабдықтың белгісіз ежережеге (заңға) қайшы екенін тапты. Нәтижесінде Нидерланд компаниясының инвестициясын субсидиялауы жойылып, олардың инвестицияларының 40% айыппұл төлеміне кетті. Сол сияқты, неміс кәсіпкерінің айтуынша күнделікті сыбайлас жемқорлық пен бюрократия мәселелері зардабынан неміс компаниялары әлі күнге дейін айтарлықтай инвестиция жасауға күмәнданып кідіріңкіруде.

Қазақстан азаматтары үшін бұл жағдай тіпті жақсы емес. Бір кәсіпкер өз бизнесін жасау үшін, әдетте айына бес рет пара талап етілетіні туралы ренішпен айтты. Мысалы, бір таң қалдырарлық жағдай, Еуропада оқыған өршіл қазақ жігіт $40,000 ақшасын салып, өз бизнесін ашты. Қажырлы еңбектің арқасында, оның бизнес құны он есеге өсіп, ол бірнеше қызметкерлерге жақсы жалақылы жұмыс орындарын ұсынды. Соңында үкімет орындарында істейтін, қолдарында оның балаларының суреттері бар екі адам оған келіп, егер ол өз бизнесін оларға $40,000 сатпаса, ол қиын жағдайға тап болатынын айтып қорқытты.

Өз отбасын қорғау үшін ол бизнесін сатуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін бизнес дағдарысқа ұшырады. Оның бизнесін тартып алған адамдарға жас кәсіпкердің білімі мен таланты жетіспеді. Соның салдарынан Қазақстан келешекте жаңа өнім мен қызмет көрсету мүмкіндігінің аз бөлігін жоғалтты. Талантты жұмыс күші орнынан ығыстырылды, онымен қоса олардың тауарларды сатып алу үшін табыс табатын күші де ығыстырылды, сондықтан, жаңа өнімдер мен қызметтерге сұраныс азайды. Азаматтық инфрақұрылымды жақсартатын салық түсімдер әлеуеті жоғалтылды.

Үмітсіздіктен жабыққан жас кәсіпкер Қазақстаннан Батыс мемлекеттеріне кетуге мәжбүр болды, сол жақта ол өзінің талантын, құқықтар мен меншікті мүлкін қауіпсіз ортада, жемістілікпен пайдалана алатынына сенеді. Армандарының әділетсіздік ақиқатына соғылып, күл паршасы шыққанын көру, болашақ жас кәсіпкерлер үшін зиянды сабақ болып табылады.

Күш салып, сабақтарын жақсы оқитын студенттерден, тиісті бағаларын алуы үшін, мұғалімдеріне пара беру талап етіледі, ал жалқау, сабақтарын оқымайтын құрдастары параның арқасында жақсы баға алып жүргенін көргенде, олар еңбектерінің бекер екендігіне көздері жетеді. Кейін, сол түлектер, оқып, еңбек етіп, алған мамандықтары бойынша жұмысқа тұру үшін, көп жағдайда пара беруге мәжбүр.

Дегенмен үміт бар

Жоғарыда айтылған жағдайларға қарамастан, Қазақстан сөзсіз жақсарып келеді. 2014 жылы Халықаралық қоғамдық ұйымы Қазақстанды сыбайлас жемқорлық жағынан 175 орыннан 126 орынға қойды (175-ші жемқорлығы ең кең тараған). 2012 жылы 2050 стратегиясымен таныстыру сөзінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге бел байлағанын мәлімдеді:“Сыбайлас жемқорлық жай заң бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне күмән келтіру және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады. Көздеген мақсатқа жету үшін, яғни сыбайлас жемқорлықты түбімен жою максатымызға, оған қарсы күресімізді нығайтуымыз керек, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды жақсарту да кіреді”.

Сәуір айында, экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күресетін Қазақстан агенттігі, Қаржы полициясы академиясымен, Тұран университетімен, Қазақстан жоғары білім ассоциациясымен, «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорынымен, Сорос қоры және Халықаралық қоғамдық ұйымымен бірлесіп, тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебін ашты. Бұл, соңғы жылдары орын алған қарқынды жақсаруды білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық жағдайлары әлі күнге дейін кездесетініне қарамастан, үкімет тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселесімен күресу үшін күш салынуда. Көптеген жас үкімет басшылары заңның үстемдігі мен адам құқықтарының өз ара әрекеттестігі, экономикалық дамуға тікелей қатысы бар екенін түсінеді.

Президент Назарбаев: — “Қазақстанға ең қажет нәрсе – адамдардың өмірінде моральдық қасиеттерді дамыту, әсіресе жастарда” – деп үнемі қайталайды. Ол, сөзсіз, дұрыс.Бұрыңғы Кеңес елдеріндегідей Қазақстанда да экономикалық дамуға көптеген кедергілер өзімшілдік, ашкөздік, адалсыздық сияқты моральдық проблемалардан тарайды. Этиканың жетіспеушілігінің салдарынан «икемділер озады» менталитеті пайда болды, ол қоғамға сіңіп, ұлттың экономикалық әлеуетін бөгеттейді. Қазақстан, басқа бұрыңғы Кеңес мемлекеттері сияқты, сыбайлас жемқорлық ауруына ұшыраған. 2012 жылғы жолдауында Н.Ә. Назарбаев келесі сөздерді айтты: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз».

Идеялардың салдары

Н.Ә. Назарбаев өте жақсы ой білдіреді. Бұл жерде Қазақстанның Кеңес Одағындағы берген контекстін түсіну мағызды. Кеңес Одағы Марксисттік атеизм негізінде құрылған болатын, ал ол Мәсіхшілікке қарама-қайшы және үйлеспейтіндей жат. Ленин: — «Діннен артық жеккөрінішті нәрсе жоқ» деп жазған. Маркс сол көзқарасты оның алдында Коммунистік манифестте былай деп жазған: “ Құдай жоқ, болуы мүмкін емес және болмау керек.» Мәсіхшілік (христиан) сенімге деген қарсылықтың себебінен Кеңес Одағы Киелі кітап (Библия), қауым (церковь) арқылы беретін моральдық жетекшілік пен нұсқаудан құр қалған.

Шынында да идеялардың салдары болады. Федор Достоевский пайғамбарлық сөздер жазған: «егер Құдай жоқ болса, бәрін істеуге болады. Демек, қылмыс та сөзсіз болады». Атеизм әр адамның өз іс-қылықтары үшін Құдайдың алдында да, қоғамның алдында да жеке жауапкершілік пен есеп берушілік негізін алып тастады. Атеизм адамның өзіндік моралінен басқа жоғарғы моральдық билікті алып тастады. Сөзсіз соның салдарынан, заңның қағидалары мен билігінің орнына «әркім өзі үшін» және «икемделгендер ғана озады» менталитеті пайда болды. Бұл жайт бұрыңғы Кеңес Республикаларының бәрінде мафия мен сыбайлас жемқорлық кең етек алған заңсыздықты түсіндіреді. Грузин қылмыскері және орыс мафиясының басшысы Отари Квантишвилидің пайымдауынша: «Шын мәнінде мафияны ұйымдастырған және қылмыстық мемлекетті орнатқан адам – В.И. Ленин еді.»

Егер Құдай болмаса, онда түбінде моральдің, заңның немесе адам құқықтарының негізі болмайтынын Федор Достоевский түсінді. Егер Құдай болмаса, онда әділдікке негіз болатын жоғары басқаратын қағида да жоқ. Соның нәтижесінде заңсыздық, сыбайлас жемқорлық және әділетсіздік пайда болады, ақырында ол наразылыққа, тәртіпсіздікке, енжарлыққа және экономикалық тоқырауға әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық шынымен, Марксисттік атеизмнің идеологиялық негізінің салдары болып табылады.

Қауымның қоғам өміріндегі атқаратын рөлі

Халықтың жемістілігі адамдардың адамгершілік мінезіне тікелей байланысты екенін елбасы Н.Ә.Назарбаев дұрыс түсінеді. Қазақстан табиғи ресурстарының байлығының пайдасын көріп жатқан кезде, жетістілік пен өркендеуге іргетас болатын моральдық және рухани негіздің қажеттілігін түсіну өте маңызды. Мұнда қоғамдағы Құдайдың қауымға берген рөлі – барлық адамдарға моральдық және рухани қолдау беріп, халыққа қызмет ету, оған адамгершілік қағидаларына жарық беріп, жетекшілік ету. Өкінішке орай, мәсіхшілік қауым Қазақстанда мұқият қадағалануда және бір шама қудалануда.

Діни еркіндік, саяси тұрақтылық және соған қатысты экономикалық өркендеудің маңызды құрамдас бөлігі екенін, соңғы зерттеулер дәлелдеді. Еркіндіктің құны жоққа шығарылды деген кітабында, зерттеушілер Брайан Грим мен Роджер Финке: «діни еркіндік басқа еркіндіктермен және азаматтық бостандықпен өзара тығыз байланыста болуымен қатар, ол бәріне ортақ – қарулы қақтығыстардың және кедейліктің кем болуы, сонымен қатар, табыстың жоғары деңгейі және әйелдердің тұрмысының жақсаруы сияқты қалаулы игіліктер үшін маңызды фактор», — деп пайымдады. Діни еркіндік бермейтін үкіметтер барған сайын шыдамсыз және үстем үкіметке айналады. Олардың ақиқатқа монополиясы бар деп сенеді және сол ақиқатты басқалар қабылдауын талап етеді. Діни еркіндіксіз демократия шын болмайды, ал экономикалық тоқырау болуы сөзсіз.

Сенімнің мәдениеттегі әлеуметтік экономикалық мәні

Дін, сөз, баспасөз, жиналыс және дауыс беру бостандығы арқылы білінетін еркіндік пен адам құқықтары, халықта маңызы зор ұлттық меншіктік сезімін туғызады. Бұл меншіктік сезімі әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік сезімін туындатады, сол арқылы жеке азаматтар ұлы халық болуға ұмтылады. Тек демократия ортасында ғана кәсіпкерлік пен еркін нарық өркендей алады.

Роберт Д.Удберри өзінің «Либералдық демократияның елшілік тамырлары» атты зерттеуінде, басқа сенімдермен салыстырғанда табанды протестанттардың ықпалы тиген халықтардың зор әлеуметтік экономикалық әсерін баяндайды. Удберридің зерттеулері, інжілдік елшіліктер (миссиялар) діни еркіндік, жаппай білім беру, бұқаралық жаппай баспа сияқты жаңалықтар және адамзат құқықтарында реформалар болуына едәуір үлес қосқанын көрсетед. Cоның нәтижесінде тұрақты демократияның дамуына өте ыңғайлы жағдай туды.

Сол сияқты, 2003 жылы Түрік институтының ұйымдастыруымен Қазақстанда өткен форумда, Оңтүстік Корея өкілі, өз халқының экономикалық дамуына тікелей себеп болған Мәсіхшіліктің (христиан сенімі) өркендеуі екенін мәлімдеді. Ол, адамдар мәсіхшілікке бет бұрғанда, олар заңға бағынышты, еңбекқор, жауапкершілігі мол азаматтарға айналады, сондай ортада экономика дамып өркендейді, деп сипаттады.

Өнеркәсіп (бизнес) және миссия

Қауымның аясында қалмай, Құдай патшалығының елшілері ретінде, мәсіхшілер әрбір мамандықты иемденуге, өмірдің әрбір саласына қатысуға шақырылады. Біз Құдай Патшалығын күшпен мәжбүрлеуге шақырылған жоқпыз, оның орнына, Құдайдың даңқы артуы үшін, адамдарға, халықтарға қызмет етіп, мейірімділікпен Құдайдың сүйіспеншілігін және мінезін осы дүниедегі адамдарға көрсетуге шақырылғанбыз.

Бизнес, үкімет, өнер, ғылым және білім салаларынан шегініп, сол салаларды осы дүниенің қолына беру, Киелі кітаптық сенімді бұл өмірде орынсыз деп ұқтырумен бірдей болады. Бұл үлкен қателік болар еді. Мәсіхтің жер бетіндегі елшілері ретінде, біз жоғарыда айтылған салалардың бәріне қатысуымыз керек. Өзінің лауызымына тағайындалу сөзінде, Амстердам еркін университетінің негізін салушы Абрахам Кюпер қысқа да нұсқа былай деген: «Адам тіршілігінің бүкіл ауқымында, Мәсіх үстемділікпен «Менікі!» деп жариялай алмайтын тыйтымдай да жер табылмайды.»

Жеке тұлғалар бұзылып, Жаратушының бейнесін кескіндеуден құр қалғандай, бүтіндей халықтар да бүлініп, сүюші Жасаған Иенің адамға берген табиғатын бұрмалайды. Қауымның, яки Құдай халқының, рөлі – осы әлемде Құдайдың құралы, әрі дүниенің жарығы болуы тиіс. Адамдар жеке-жеке Құдайға қайта оралғаннан кейін, олар белгілі бір мәдениетте Құдайдың елшісіне айналады. Бүкіл халық Құдайға бет бұрғанда, сол халықтың мәдениеті Жаратушының түпкі ойындағы еркіне сай өзгереді. Ондай халық сауығып, жарылқанып, Құдайды ұлықтап, барлық ұлттар үшін нұр мен батаға айналады.

Қазақстан маңызды шешім қабылдау барысында

Қазақстан зор үміті және әлеуеті бар халық. Қазақстан табиғи ресурстарының байлығының рахатын көріп жатқан кезде, жетістік пен өркендеу негізі адамгершілік және рухани іргетас екенін мойындау маңызды. Қазақстан қауымының міндеті — жол бастау және халыққа нұр болып, оны адамгершілік пен әділдікке жетелеу.

Қазақстанға, сол сияқты кез келген қоғамға берілетін жауап – ол әскери революция емес, адам жүрегіндегі моральдық революция. Оны, Иса Мәсіхте негізделетін рухани және моральдық жаңарудан табуға болады. Жеке тұлғалар мен халықтар Құдаймен татуласқанда адамдардың өмірлері өзгеріп, олар рухани түнек және өлім билейтін дүниеге жарық пен үміт әкелетін Құдайдың қызметшілеріне айналады. Бас жобашы берген оқу құралындағы кеңеске құлақ асушыларға, салмақты экономикалық пайдасы бар.

Марксисттік атеизмнің жалған ілімдерінен біртұтас құтылып, барлық адамдардың құтқарушысы Мәсіхті қабылдайтын уақыт келді. Атеизм және мәсіхшілікті қуғындау, түбінде экономикалық гүлденуден құр алақан қалдырады. Ондай гүлдену еркіндік, адамзат құқықтары және заңның билігі бар айналада мүмкін болады. Мұндай игіліктер Киелі кітаптық мәсіхшілік кең жайылған қоғамда өнеді. Шынында да, адамзат тарихының барысында расталған көне жазба, Қазақстанға тіл қатып, Құдайға және оның жолына қайтуға шақырады: «Құдайы — Жаратқан Ие болған халық, жарылқанған.»